Табылған оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігімен сотқа берілген А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

31 мамыр 2018 жылы сағат 13:00 шамасында А. Алматы қаласының «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы   «Балнұр» сұлулық салонының  жанынан  жерден бір оқ-дәрі тауып алып,  сөмкесіне  салып,  өзінде қалдырады.

Сол күні, сағат 13:50  шамасында А. Астана қаласына ұшу үшін Алматы қаласының әуежайына келеді. Сағат 14:15-де  әуевокзал ғимаратындағы тексеру аймағынан өту барысында рентген аппараты арқылы сөмкені тексеру кезінде  бір данада оқ-дәрі табылып, алынды.  

Сарапшының қорытындысы бойынша табылған оқ-дәрі әскери оқ-дәрі болып табылатыны және ол атуға жарамды екені анықталды.

Сөйтіп, А. оқ-дәріні заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған.

Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап,  өкінетінін көрсетті.

Сот үкімімен  А.   Қазақстан Республиксының  ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмысыты жасауда кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

 

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты