Суық қаруды заңсыз алып жүру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287бабы 1 бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)  айыпталған  Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотпен анықталды, азамат Т., 2017 жылғы мамыр айының соңында сағат 12:00 шамасында Алматы қаласы Бұхар Жырау көшесі бойында орналасқан мектеп ауласынан шығып, «Есентай» өзені жағасымен  солтүстік бағытта кележатып, жерде жатқан темір кастетті көріп, суық қаруды заңсыз өзімен алып жүру үшін аталған кастетті алып сөмкесіне салған. Соңынан «Әуезов атындағы дама театр» метрополитенге бет алған. Сол күні сағат 12:30 шамасында метрополитен бекетіне кіре берісте метрополитен қызметкерлерімен «Рентген телевизиондық құрылғысымен» тексеру барысында Т-ның сөмкесінен аталған суық қару кастет табылған. Метрополитендегі ІІБ қызметкерлерімен ұсталған.

Сотталушы Т., өзіне тағылған айыпты толығымен мойындаған.

Сот үкімімен Т.,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  287бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып 25 айлық есептік көрсеткіш ретінде 56 725  теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты