Сурдоаудармашының қатысуымен некені бұзу туралы талап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында сурдоаудармашының қатысуымен «А»-ның «В»-мен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер  сотқа некені  бұзу туралы талабымен жүгініп, некелік ара қатынасы 2016 жылдың шілде айынан бастап бұзылғандығын уәжделеп, отбасын сақтау мүмкін емес деп санайды.Ортақ алынған мүліктері арасында келісімге келгендігін сотқа түсіндірді.  03.05.2010-шы жылы туылған кәмелетке толмаған баласы бар.Баланы асыраумен қамтамасыз етуде ешқандай дау жоқ және кәмелетке толмаған бала талапкер А-мен бірге  тұрады.

Сотпен анықталғандай,  отбасыны сақтап қалу және тараптар арасында татуласу мүмкін емес, шындыққа негізделгенде некелік ара қатынас үзілген.

Осыған орай, сот «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасылық туралы» Қазақстан республикасының кодексінің  73 бабының 1 тарамғына сәйкес, баладан бөлек жерде тұрып жатқан әке шеше баламен араласуға  және баланы тәрбиелеу, оқу мәселесі мен басқада елеулі мәселелеріне араласуға құқығы бар екенінін түсіндірді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының соты.