«Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының қызметкерлеріне «Сотты құрметтемеу кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аудандық сот судьясы Б.Өмен семинар сабағын аша отырып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотты құрметтемеуге жауапкершілік шарасы қолданылатынын атап өтті.

Сотқа құрметтемеу көрсеткен жағдайда кінәлі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Семинар барысында аудандық сотының судьялары құқықбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің мәселелік сұрақтары талқыланды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі