Сотталушының өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында сотталушы С. жазалау мерзімінің өтелмеген жарты бөлігін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қысқарту туралы өтінішхаты қарастырылды.

С. Алматы қаласының Алатау аудандық сотының 26.05.2015 жылғы үкімімен  ҚР ҚК-нің 192 бап, 3 бөлім, 4 тармағына сәйкес мүлкін тәркілеумен және жазасын жалпы режимді түзеу колониясында өтеумен сотталған.

Сот мәжілісінде прокурор сотталушы С. өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты, алайда С. және оның өкілдері өтінішхатты қанағаттандыруды сұрап, бұл өтінішті сотталушының үш кәмелет жасқа толмаған балаларды асырап жатқанымен негіздеді.

Алайда «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 5 б., 12 т. сәйкес ҚР ҚК-нің 2014 жылдың 3 шілдесінен бастап қарастырылған қылмыстар (2014 жылы 3 шілдеден кейін енгізілген өзгерістер мен түзетулерді қоса алғанда осы заңды күшіне енгізгенге дейін), яғни (192 баптың екінші, үшінші және төртінші бөлімдерінде) қарастырылған тонаушылық жасағаны үшін қылмыстар жатады.

Сот сотталушы С.-ның  өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты.  Қаулы заңды күшіне енген жоқ.   

Қайнар: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты