Сотталушы жәбірленушімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188 бап, 1 бөлімі бойынша жеделдетілген сотқа дейінгі тергеудің қысқартылған тәртібінде А.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

2017 жылы 12 сәуірде сағат 20:15-тер шамасында А. Алматы қ. Қалқаман ы.а. Қазыбеков көшесінде орналасқан Д. үйінде болған.

А. жоғарыда көрсетілген мекенжайда болды және үстелдің жанында еденде Д.-ның алтын бұйымдарын байқап қалған.

А. өзінің әрекеттерін ешкімнің көріп тұрмағанын анықтағаннан соң құпия түрде алтын бұйымдарды ұрлады, яғни, құны 25 000 теңгелік алтын алқа және құны 20 000 теңгелік алтын жүзік. Осыдан соң ол қылмыс орнынан жасырынған.

Өзінің қылмыстық әрекеттерімен А. Д.-ға жалпы сомасы 45000 теңге болатын материалдық  зиян  келтірді.

Сотта сотталушы өзінің қылмыстық әрекеттерімен Д.-ға тигізген материалдық нұқсанынтолық көлемде өтегенін және жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласқанын айтты.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының 188 бап 1 бөліміне сәйкес А.-ға қатысты жүргізілген сот Қазақстан Республикасының 68 бап 1 бөліміне сәйкес қысқартылды.

Қайнар: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты