Сотталушы өзінің кінәсін толық көлемде мойындаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-баптың 2-бөлігінде, 297-баптың 3-бөлігі 2,3-тармақтарында көзделген қылмысты жасаған Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылы 8 ақпанда Б. сатып алушының кейіпінде болған, қылмыстық қызметті әшкерелеуге еркін қалауын білдірген И.-ге салмағы 103,05 грамм аса ірі көлемдегі «героин» есірткі затын 400 000 теңгеге сатқан. Сонымен қатар, Б.-ның тұрғылықты үйін тінту барысында жалпы салмағы  240 грамм  шамасында болатын аса ірі көлемдегі «героин» есірткі заты, жалпы салмағы 91,56 грамм аса ірі көлемдегі меткатинон (эфедрон),пировалерон, сондай-ақ катинон заттардың құрамы жағынан тектестер, оқ-дәрісі, 4 дана патроны бар «STREAMER» маркалы және оқ-дәрісі, 7 дана патроны бар «ЛИДЕР» маркалы жарақат салатын пистолеттер табылып алынған.

Сот талқылауында сотталушы Б. өзінің кінәсін толық көлемде мойындаған.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-баптың 2-бөлігімен, 297-баптың 3-бөлігі 2,3-тармақтарымен, 58-баптың 3-бөлігімен 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы мүлкі тәркілене отырып тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі