Сотпен жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін бір жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 596 бабы 3 бөлігі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік ісі қарады.                                                     

Н. 14 сәуірде 2017 жылы Алматы қаласы Сатпаев көшесімен батыс бағытта Розыбакиев көшесінің қиылысында «Тойота» автокөлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, екі жолақты сызықты кесіп өтіп, жолдың қарсы бетімен қозғалысты жалғастырған.

Сот қаулысымен   Н. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып,  әкімшілік өндіру түрсінде, 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты