Сотпен сақтандыру төлемін өндіру қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында, талап қоюшы «Н» СК АҚ-ның жауапкер Р-дан сақтандыру төлемін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа келесідей уәждерге сүйене отырып жүгінген:  «Н» СК АҚ мен сақтанушы Р-дің арасында оның азаматтық құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисы арқылы жасалған. 09.08.2015 жылы  Р. автокөлікті жүргізуші куәлігісіз жүргізе отырып, Д-нің жүргізуіндегі автокөлігімен соқтығысқан. Оның нәтижесінде автокөліктерге залал келтірілген.

Жүргізуші Р.-дің кінәлілігі Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік істер жөніндегі сотының 01.09.2015 жылғы ӘҚ Кодексінің 610 бабының 3 бөлігі бойынша шыққан қаулысымен дәлелденген. Бағалау есебі бойынша автокөлікке 108 417 теңгеге залал келтірілген. «Н» СК АҚ аталған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп санап Д-нің мүддесіне 108 417 теңге сақтандыру төлемін жасаған.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңының 28 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес - көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде кері талап қоюға құқылы.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты