Сотпен медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «К» жауапкер «О» қатысты жұбайын асырауға алимент ақысын өндіру туралы заматтық іс қаралды.

Талапкер «К» сотқа жауапкер «О» қатысты  жұбайын асырауға алимент ақысын  сәбидің 3 жасқа толғанға дейін  алимент төлеу айдың 20 еселік есептік көрсеткіш негізінде өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сот отырысында тараптар сотқа өзара жасасқан медиативтік келісімді келесі шарттарда бекіту туралы өтініш білдірді: жауаупкер талапкер «К» жұбайын асырауға  320 000 теңге сомасындағы алимент ақысын өндіреді. Талапкер өз талап арызынан бас тартады.

Тараптарды тыңдаған соң сот  тараптардың өзара жасасқан медиативтік келісімді жоғарыда көрсетілген шарттарда бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты