Сотпен халықаралық құқық нормалары қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «INTELPACK» ЖК-нің жауапкер «С» ЖК-нен залал сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау кезінде сотпен халықаралық құқық нормалары қолданылды.

Сотпен анықталғаны, тараптар арасында автокөлік құралымен жүкті халықаралық тасымалдау келісім шарты жасалған, оның шарты бойынша жауапкер талапкермен сеніп берілген жүкті белгіленген жерге жеткізіп беруге міндеттенген, ал талапкер жүкті әкеліп беруге және жүкті жеткізіп бергені үшін төлем жасауға міндеттенген. Тараптар арасында пайда болған даудың негізі, жауапкер жүкті тасымалдау кезінде жоғалтып алған. Өз кезегінде жауапкер жүктің жоғалып кетуінде үшінші тұлғалар кінәлі деген дәлелдер айтқан.

Көрсетілген дауды шешу кезінде сотпен халықаралық құқық нормалары қолданылған, нақтысы жүкті халықаралық тасымалдау келісім шарты туралы Конвенция нормалары 19 мамыр 1956 жылғы.

Сот шешімімен «INTELPACK» ЖК-нің талап арызы сотпен толық  көлемде  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты