Сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу және процестік келісім шарт құрылған қылмыстық істерді қарау тәртібі және мерзімдері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында «Сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу және процестік келісім шарт құрылған қылмыстық істерді қарау тәртібі және мерзімдері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судья Н.Батырхан, Алматы қаласы Жетісу аудандық Прокуратурасының өкілі Т.Шамои, Алматы қаласы Жетісу ауданының ІІБ бастығының орынбасары М.Сейсенұлы және Алматы қаласы Жетісу ауданының ІІБ-ның Анықтау бөлімінің бастығы М Қапабаев  қатысты.

Дөңгелек үстел ге қатысушылар Сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу және процестік келісім шарт құрылған қылмыстық істерді қарау тәртібі және мерзімдері туралы талқылады.

Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасының өкілі Т.Шамои: «Сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу және процестік келісім шарт құрылған қылмыстық істер үш күн ішінде тіркеліп, прокуратурамен сотқа тапсырылады. Қазіргі кезде аталған санаттағы қылмыстық істерді сотта бес күн ішінде қарау туралы жоба қабылданды» деп атап өтті.

Судья Н.Батырхан: «Аталған санаттағы қылмыстық істер қысқа мерзімде қаралу қажет. Алайды істерді қарау мерзімі сотқа қатысушылардың дер кезінде сот мәжілісіне келмеуіне байланысты созылады. Сол себептен, қабылданған жаңа жобаны орындау үшін, мемлекеттік айыптаушылар мен тергеу органдары іске қатысушы тұлғалардың сот отырысына уақытылы келуін және мәжбүрлі түрде сотқа жеткізу туралы сот қаулыларын дер кезінде толық орындауды  қамтамасыз ету қажет».

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар қылмыстық істерді қысқа мерзімде объективті және толық қарау, тұлғалардың қылмыстық қудалау аясында өткізетін уақытын қысқарту, сотпен құқық қорғау органдарының алдағы уақытта бірге жұмыс атқару нәтижесін жақсарту, сонымен қатар қоғамдың сотқа деген сенімін арттыру туралы мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты