Сот жұмысшының пайдасына еңбек ақысын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер Ю.Е.-ның жауапкер «Алым» ЖШС-не берген қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан;  Ю.Е. «Алым» ЖШС-не   жалақы бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді, талап арыз бойынша, талапкер  2016 жылдың мамыр айына дейін    200 000 теңгені құрайтын еңбек ақы мөлшерінде инженер маманы болып «Алым» ЖШС-де жұмыс атқарған,  2014 жылдың тамыз айынан бастап 2016 жылдың қаңтар айлары арасында жалақы уақытылы берілмеген, жауапкер «Алым» ЖШС-нің талапкер алдында жалақы бойынша қарыз соммасы  1 300 000 теңгені құраған. Сот отырысында талапкер соттан жалақы бойынша қарыз соманы өндіруді сұрады.

Сот отырысында  жауапкер «Алым» ЖШС-нің өкілі А.А.  талап арызды толық мойындады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің  170 бабының 1- тармағы бойынша жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары мен және соттар  қарайды.

Сот шешімімен Ю.Е.-ның «Алым» ЖШС-не берген жалақы бойынша қарыз соманы өндіру туралы  талап арызын толық қанағаттандырылды. Сот жұмыс берушіден   жұмысшының пайдасына 1 300 000 теңгені құрайтын жалақы бойынша қарыз соманы өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі