Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Алматы қаласының ІІД» ММ-нің жауапкер «К» ЖК-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,арызданушы сотқа жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұрап жүгінген.

Сот істі мәне бойынша қарап, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты, себебі сотпен анықталғаны, талапкермен заңда анықталған сотқа талап арызбен жүгіну мерзімі өткізіліп алынған, ол қайтарымды және қалпына келтірілуге жатпайды, сонымен бірге талап арызды қанағаттандырудан дербес бас тартуға негіз болып табылады. Талапкердің мерзімді өткізіп алу туралы дәлелі назарға алынған жоқ, себебі алғашқы талапты беру кезінде 14 желтоқсан 2016 жылы сенімхат негізінде талапкердің өкілі Б.-мен қол қойылған, сенім хатта «Алматы қаласының ІІД» ММ-нің атынан талап арызға қол қою өкілеттігі көрсетілмеген, талапкердің өзінің жіберген процессуалдық қатесі және дәлелді себеп болып танылмайды.

Сот шешімімімен талап арыздан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты