Сот жауапкерден 1 500 000 теңге қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер  Е.Е.-ың Р.Г.-ге берген қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан;  Е.Е. Р.Г.-ге қарыз соманы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді, талап арыз бойынша, 2014 жылдың  сәуір айының 19-жұлдызында Е.Е.-тен  Р.Г. 1 500 000 теңге қарыз алып, қарызды  2014 жылдың  қыркүйек айының  01-жұлдызына дейін қайтаруға немесе 2003 жылғы «Toyota Camry» маркалы автокөлікті қарыз орнына беруге міндеттеліп,  қол хат қалдырады.  Бірақта жауапкер  Р.Т. Гайсин  өз міндетін орындамаған, Е.Е.-тан алған қарыз сомасын қайтармаған,  аталған автокөлікті бермеген. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша талапкер Е.Е.  жауапкер  Р.Г.-нен  1 500 000 теңге қарыз соманы және 15 000 сот шығынын өндіріп беруді сұрайды

Қазақстан Республикасының АПК-ның 715 бабы бойынша заем шарты бойынша бiр тарап басқа тараптың меншiгiне ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.

Қазақстан Республикасының АПК-ның 272-і бабы бойынша мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Сот шешімімен талапкер  Е.Е.-тың талабы қанағаттандырылды. Талапкердің пайдасына  1 500 000 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі