Сот төлемге керекті құжаттардың берілу тәртібінің бұзылуына байланысты, қарыз соманы өндіруден бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «М-А» ЖШС-ның  жауапкер «Евроград-Электролюкс» ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істе көрсетілгені, 2013 жылы 03 маусымда талапкер «М-А» ЖШС-і мен жауапкер «Евроград-Электролюкс» ЖШС арасында автокөлік құралдарын жалдау келісім шарты жасалған. Талапкер талап арызда 31.07.2013 күнінен бастап орындалған жұмыс актісінің  сомасы 1 826 500 теңге, 30.06.2013 күнінен бастап орындалған жұмыс актісінің сомасы 2 070 507 теңге, жалпы сомасы 3 933 007 теңге болатын шағымын ұсынған.

Сонымен қатар жауапкер сот отырысында талап арызды мойындаудан бас тартты, себебі талапкермен жалға беру қызметі көрсетілмеген.

Көрсетілген істі қарау барысында, соттық-қолтану сараптамасы және соттық-техникалық сараптамасы тағайындалды.

Сарапшының қорытындысымен анықталғандай, «Евроград-Электролюкс»ЖШС-і реквизиттерінің мөр таңбасы «Евроград-Электролюкс» ЖШС-нің мөрімен басылмаған және қойылған қолдар ЖШС-ң бірінші басшысынікі емес.

Автокөлік құралдарын жалға беру келісім шартының 3.2 тармағына сәйкес, орындалған жұмыстың төлемі орындалған жұмыс актісі негізінде жүргізіледі.

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі