Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «DB»ЖШС-нің жауапкер «RM» ЖШС-нен шығын сомасын және өсімпұл сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,талапкер мен жауапкер арасында жарнамалық өнімді дайындау бойынша келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес жауапкер талапкердің тапсырмасы бойынша жарнамалық өнімді жасап жеткізіп беруге міндетті, ал талапкер тауарды қабылдап және уақытылы келісімнің шартына сәйкес төлемін жасауға міндетті. Жауапкер тиісті сападағы тауарды сипаттама шарттарына сәйкес мерзімде жеткізіп беруге міндетті.

Келісім шарттың №16 қосымшасына сәйкес жауапкер «Простоквашино» логотипімен сүт құйғыш, «Простоквашино» логотипімен тұтқыш, «Простоквашино» логотипімен ас үйлік май сауыт және өлшеуіш стақан «Простоквашино» логотипімен тауарды жеткізуге міндеттенген. Бірақ жауапкер тек қана өлшеуіш стақандарды бір ай мерзімнен астам  уақытқа мерзімін өткізіп жеткізген. Қалаған тауарды жеткізіп бермеген.

           Келісім шарттың №18 қосымшасына сәйкес металл термос жеткізіп беруге міндеттенген. Бірақ жауапкер берілген тауарды мерзімін өткізіп жеткізген. Тауарды жеткізу мерзімін өткізуіне байланысты талапкер жауапкерге келісім шарттың №16 қосымшасы бойынша 43 күн мерзім өтіп кетуіне байланысты 256 492 теңге, №18 қосымшасы бойынша 26 күн мерзім өтіп кетуіне байланысты 144 950 теңге тұрақсыздық сомасын есептеген. Өсімпұлдың жалпы сомасы 401 445 теңге, ол өндіріліп алынуға жатады.

Бірақ промо акцияны ұйымдастыру үшін келтірілген шығындарды өндіру туралы талабы негізсіз және қанағаттандырылуға жатпайды, себебі жауапкер промо акция ұйымдастырушысы болып табылмайды, жасалған келісім шарт бойынша тауарды жеткізіп беруші болып табылады. Талапкермен промо акцияны ұйымдастыруға кеткен шығындармен жауапкердің келісімнің шарттарын бұзуы арасындағы тікелей себеп байланысты дәлелдерді ұсынған жоқ. Осыдан бөлек келісім шартпен және келісім шарт қосымшаларында оны орындау мерзімін өткізіп алған үшін айыппұл және өсімпұл сомасын өндіру көзделген, басқа да шығындарды өндіру, оның ішінде промо акцияны ұйымдастыру шығындарын өтеу көзделмеген.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Сотпен талапкердің өсімпұл сомасын өндіру талабы қанағаттандырылды, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты