Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурызбай аудандық сотымен А. өтініші бойынша заңды фактіні анықтауға қатысты азаматтық іс қозғалды.

Өтініш Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Каменский ауылдық округі әкімінің 1996 жылы 29 наурыздағы №69 қаулысының негізінде оған Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Қалқаман ауылы, Алты Алаш көш., нөмірсіз мекенжайда (қазіргі Алматы қ., Наурызбай ауданы, Қалқаман ы.а., Төле би көш.) орналасқан ауданы 0,08 га жер телімін өмірлік мұрагерлік жолмен иелену құқығын беретін мемлекеттік акт берілгенімен дәлелденеді, ал бұл мекенжай жерге меншік құқығы және жерді пайдалану құқығына қатысты мемлекеттік актілерді тіркеу тізімінде №93 ретінде тіркелген. Кейінірек осы жер учаскесінде Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 22.01.1999 жылғы №26 қаулысымен тіркеуші органда тіркеуден өткен үй салынған. Қазіргі уақытта оның жер учаскесіне жаңа актіні, жаңа кадастрлік нөмірді алуы қажет, ол үшін оған құқық белгілейтін құжатты көрсетуі қажет.  Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Каменский ауылдық округі әкімінің 1996 жылы 29 наурыздағы №69 қаулысы онда сақталмаған.

Сот үкімімен А.-ның заңды фактіні анықтау туралы өтініші қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты