Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер М. жауапкер жеке сот орындаушы Х.-ге, К.-ге мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арыз келесі жағдайларымен негізделген. 21.02.2012жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотының шешімімен М.-нан К-нің пайдасына 5 416 621 теңге өндірілген. 24.04.2014жылы сот ұйғарымымен  пәтерден ақы өндіріп алуға жол берілді. Бірақ, 17.03.2015ж.ылы талапкерге 6 айға дейін сот шешімін орындауға мерзімі ұзартылған. Сол кезде талапкер негізгі қарыз сомасын төленген.  Қалдығы: 952 637 теңге.  

Жеке сот орындаушы Х.-мен 07.11.2016жылы пәтерден ақы өндіріп алу туралы қаулы шығарылған. Сонымен қатар, 27.10.2016ж.- 24.01.2017ж. арасында талапкер  жеке сот орындаушы Х.-ның шотына 955 000 теңге төленген. Яғни, талапкер 21.02.2012жылы сот шешімін толық көлемде орындаған.

31.05.2017жылы жеке сот орындаушы Х.-мен атқару өндірісі тоқтату туралы қаулысы шығарылған. Талапкер мүлікті тыйым салудан босатуды сұраған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған, өйткені талапкермен жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі және орындау жөніндегі сомалар төленбеген.

Шешім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық соты