Сот өз еркімен салынған ғимаратты бұзуға міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы» КММ мекемесінің «У» жауапкерге ғимаратты өз еркімен салынған құрылыс деп тану, ғимаратты бұзуға міндеттеу туралы   туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арызын төмендегідей негіздеп сотқа жүгінді, 02 маусымда 2016 жылы №946  тексерісті  тағайындау туралы актісі негізінде  «Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы» КММ-мен тексеріс жүргізілді, тексеріс нәтижесі бойынша жауапкер жердің иесі бола отырып, ешбір рұқсат беретін құжаттарсыз, арнайы лиензиясы бар құрылыс ұйымдарының қатыстырусыз екі қабатты ғимаратты салу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқандығы анықталды. Сәулет, құрылыс аясындағы нормаларды бұзғаны үшін жауапкер ҚР ӘБК-нің 316,321 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, салынған ғимарат Абай даңғылындағы  қызыл сызықта орналасқан.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты