«Сот отырысында бейнеконференц-байланыс жүйесін қолдану тиімділігі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот отырысында  бейнеконференц-байланыс жүйесін қолдану тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары мен сот кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Д.Балықов, - бейнеконференц-байланыс жүйесі шешім қабылдауда жеделдікті талап ететін адамзат қызметінің әр саласында қолданылады. Бейнеконференц-байланыс жүйесін сот отырысында қолдану ақпаратты қабылдау сапасын көтереді, байланыс тиімділігі, уақытты және материалдық шығындарды елеулі түрде қысқартатынын айтты.

Іс-шараның қорытындысында, қатысушылар аталған әдіс өте тиімді және барлық процесстің қатысушыларына уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі