Сот негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Мирзаев Х.М.» Шаруа қожалығы» ЖК-нің жауапкер «А» ЖШС-нен негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдары бойынша, талапкер өзінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінді, ішкі аудит өткізіп анықталғаны, талапкер өзінің контрагенттері үшін ақша аударымын жасаған кезде жауапкер өз есеп шотына  негізсіз 4 350 000 теңге ақша сомасын аударған. Бұл жағдай талапкердің сол уақытта бухгалтер лауазымында болған бұрынғы қызметкерінің алаяқтық әрекеті болып табылады. Жауапкер берілген талап арызбен келіскен жоқ, себебі берілген соманы талапкер көрсетілген қызметі үшін жауапкердің шотына аударған. Өз қарсылығының дәлелі ретінде жауапкер ешқандай құжаттар ұсынбады.

Сот заматтық істі қарап, талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырды. Сотпен заңды тұлғадан жеке кәсіпкер шаруа қожалығы басшысының пайдасына 4 350 000 теңге көлемінде негізсіз баю сомасы, біреудің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыппұлын  65 548 теңге көлемінде, мемлекеттік баж салығы бойынша сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі