Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер Г.О.  жауапкер Г.Е. мұрагерлікті   қалпына келтіру және мұраны қабылдаған мұрагерді тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Г.О. ағасы қайтыс  болғаннан кейін ашылған мұраны дер кезінде  себепті жағдайларға байланысты нотариусқа барып рәсімдей алмағанын айтып,  мұрагерлікті   қалпына келтіру және мұраны қабылдаған мұрагерді тану туралы талап арызы бойынша сотқа жүгінді. Соттан ағасы Г.А. қайтыс болғаннан кейін қалған мұраны мұрагерлікті қалпына келтіріп және өзін мұрагер деп тануын сұрады.

Сот тараптарды тыңдап, жан-жақты іс материалдарын зерттеп, мән-жағдайларды толық   анықтап, талапкердің мұра қабылдау мерзімін қалпына келтірді және оны мұрагер деп таныды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі