Сот мұрагерлік қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап-арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Алматы қаласы Медеу аудандық сотында талапкерлер А.Бурцев, О.Бурцеваның жауапкер Алматы қаласы Медеу аудандық Әкімдігі аппаратына мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
    Талапкер А.И.Бурцев 2015 ж. қайтыс болған  А.Н.Бурцевамен заңды некеде тұрған. Жұбайлар бірге өмір сүрген мерзім ішінде  тұрғын үй мен банктік салымға қол жеткізген. Талапкер О.А .Бурцева мен А.И.Бурцевтың қыздары А.Н.Бурцева. Мұраны қабылдау мерзімі 2016 жылдың 29 қаңтарында аяқталған. Осыған байланысты, талапкерлер мұраны қабылдау уақытын қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
  Соттың шешімімен А.И.Бурцев, О.А.Бурцеваның жауапкер Алматы қ.Медеу аудандық Әкімдігі аппаратына мұраны қабылдау уақытын қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырылды.
     Шешім заңды күшіне енген жоқ.   
 
Қайнар: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі