Сот мұрагерлік қабылдау фактісін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер Ш.С.  мұрагерлікті   қабылдау фактісін анықтау  туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер Ш.С. анасы қайтыс болғаннан кейін мұра ретінде қалған зейнетақысын сот арқылы қабылдап алуын сұрап сотқа жүгінді. Талапкер өзіне қалған мұраны тек сот арқылы қабылдай алатынын айтып уәж келтірді. 

Сот тараптарды тыңдап, жан-жақты іс материалдарын зерттеп, мән-жағдайларды толық   анықтап, талапкердің мұраны  қабылдау фактісін анықтау туралы арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі