Сот моральдық зиянды өндіруден бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «М» ЖК-рі жауапкер «ТА» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру, моральдық зиянды төлеу, келісм шартты бұзу және қабылдап алу- өткізу актісі бойынша объектіні беруге мәжбүрлеутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «М» ЖК-рі мен «Т» ЖШС-гі арасында тұрғын үйді жалға алу келісім шарты жасалған. Бірақ жауапкермен жалға алу төлемін жүзеге асыру міндеттері бұзылған. Жауапкердің заңсыз әрекетінің нәтижесінде, талапкер ауруханаға түсіп қалған, ол туралы еңбекке жарамсыздық парағы куәландырады, талапкердің пікірі бойынша жауапкерден моральдық шығын өндіруге негіз болып табылады.

Сотпен анықталғаны, тұрғын үйдің меншік иесі болып Т. табылады.

Анықталды, тұрғын үйдің меншік иесі С.Ш.Ташкенбаев сенім хатта, нотариуспен куәландырылған, «М» ЖК-н жоғарыда көрсетілген тұрғын үйді пайдалануға және иелік етуге уәкілдік берді, сонымен бірге Т. атынан жалға беру келісім шартына қол қоюға.

Осылайша, жалға алу келісім шарттың 1.1. тармақшасында көрсетілген тұрғын үйдің меншік иесі туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Осыдан бөлек, «М» ЖК-де тұрғын үйді уақытша падалануға өз атынан беруге құқысы жоқ, себебі сенім хатқа сәйкес тұрғын үй меншік иесі Т. атынан жалға алу келісім шартын жасау құқығы берілген.

Осындй мән-жайларда, сот қорытындыға келді, «М» ЖК-і тиісті талапкер болып табылмайды.

Сот шешімімен арызды қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты