Сот мемлекет мүддесін қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкерлер «Л» АҚ-ның, «LB» ЖШС-нің келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа «Л» АҚ-ның, «LB» ЖШС-нің келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы арызбен жүгінген, себебі, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 23 қараша 2015 жылы «LB» ЖШС-нің мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған, №17791 бұйрық негізінде жасалған.

Берілген сот шешімімен анықталғаны, «LB» ЖШС-гін құру және тіркеу кезінде заңнаманы бұзуға жол берілген, ол қалпына келтірілмейді және мемлекет мүддесіне зиян келтіріледі.

Сонымен қатар Алматы қаласының әділет Департаментінің Жетісу ауданының әділет басқармасының бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін орындау мақсатында мемлекеттік статистикалық тіркеу көрсеткішінен «LB» ЖШС-нің бұйрық негізіндегі тіркеуі туралы ақпаратты жойды.

Сот назарға ала отырып, «LB» ЖШС-гін құру кезінде жол берілген заң бұзушылықтар, оның соңында тіркеуді заңсыз деп тануға, сонымен бірге оның мемлекеттік тіркеуі туралы уәкілетті органның бұйрығын жарамсыз деп тануға әкеліп соқты, салық есебінің субъектісі болып саналмайды және құқыққа қабілетсіз, жауапкер «LB» ЖШС-нің жабылуын, әрекетінің тоқтауын есепке ала отырып және құқық иеленушілерінің болмауынан оған байланысты өндірісті тоқтатты, ал «Л» АҚ-на қатысты талап арызды қанағаттандырды.

Сот ұйғарымымен іс бойынша өндіріс бөлігінде тоқтатылды, сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты