Сот медиациялық келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер Х. жауапкер Ж.-тан, Д.-тан жұмыстан ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

ҚР АІЖК-нің 179 бабының 1-4 бөліктеріне сәйкес, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Осы сот медиациясы бойынша тараптар бекітті: жауапкер 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін жылжымайтын мүліктің құқықтық және техникалық құжаттарын ҚР заңнамасының талаптарына сай келтіруге, және  талапкерге 28 845 627 теңге көлеміндегі соманы төлеуге міндеттенеді.

Жауапкер Д. жауапкер Ж.-пен бірге  талапкерге ақшалай қаражатты төлеу міндеттемелері бойынша бірлесе жауапты, ал талапкер осы медиациялық келісім бекітілгеннен кейін, бір жұмыс күн ішінде сотқа жауапкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тиым салудан босату туралы арыз береді.  

Сот ұйғарымымен медиациялық тәртіп бойынша келісім  бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар