Сот қызметті уақытша тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер ММ-сі жауапкер «R» ЖШС-нің қызметін уақытша тоқтатутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, өрт-техникалық тексеру нәтижесінде жауапкер «Өрт қауіпсіздігінің жаопы талаптары» техникалық регламентінің талаптарын бұзған. Кейін жауапкерді бақылау тексеріс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталғаны, бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жоқ. Талапкер сотқа жүгініп, «R» ЖШС-нің ғимарат пен үй-жайды пайдалану қызметін уақытша тоқтатуды сұраған.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес, ұйымдар міндетті: ҚР азаматтық қорғау шегіндегі анықталған заңнама талаптарын сақтауға міндетті, сонымен бірге мемлекеттік инспекторлармен берілген бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындауға.

Жауапкердің осы уақытқа дейін бұрын анықталған бұзушылықтар жойылғаны туралы дәлелдер соттың назарына алынуы мүмкін емес, себебі жауапкермен сәйкес дәлелдер ұсынылған жоқ, анықталған бұзушылықтарды жою туралы акт ұсынылмаған.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты