Сот кері талап қою тәртібімен соманы өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Standard» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жауапкер «АЭТ» ЖШС-нен кері талап қою тәртібімен сақтандыру төлем сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «Standard» Сақтандыру компаниясы» АҚ-мы сотқа жауапкер «АЭТ» ЖШС-нен кері талап қою тәртібімен сақтандыру төлем сомасын 3 969 477 теңге көлемінде өндіру туралы арызбен жүгінген.

Сотпен анықталғаны, 13 қазан 2015 жылы «АЭТ» ЖШС-нің бағдарлық трамвай қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған, Т. жүргізуші басқаруымен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік құралдарының иелеріне материалдық залал келтірілген.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізуші Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы кінәлі деп танылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-тармағында көзделген негіз бойынша.

Сонымен қатар  сотпен анықталғаны, зардап шегуші тұлғалар талапкерге сақтандыру сомасын төлеу туралы жүгінген, ол сақтандыру төлем сомасын іске асыру туралы арызбен, нарықтық құнын бағалау есебімен және сәйкес төлем тапсырмасымен дәлелденген. Берілген мән-жайларды жауапкерлер сот отырысында даулаған жоқ.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты