Сот қарызды өндіру туралы медиациялық келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық  сотында талапкер «Банк «Bank RBK» АҚ жауапкер Т. қатысты қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

 

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Жауапкер талапкерге қарыз сомасын өтеу үшін 7 009 186  теңге төлеп беруге міндеттенеді.

Тараптар өздеріне алған жауапкершілікті қабылдайды және мойындайды.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

 

Сот ұйғарымымен келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

 

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.