Сот қарызды өндіру туралы дау бойынша медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер «Platinum Collection»ЖШС-тің  жауапкер Д.-дан  1 147 292 теңге қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды. 

Сот барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш түсірді.

Сот ұйғарамымен 17.03.2017 жылы тараптар арасында медиацияны өткізетін судьяның қатысуымен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс өндірісі қысқартылды.  

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі