Сот қарыз сомасын өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық  сотында М.-нің  Т. және үшінші жақ нотариус Д.-ға қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: 30.07.2008 жылы заем шарты бойынша талапкер М. жауапкер Т. қарызға 120 000 АҚШ долларын береді, яғни теңгемен шаққанда 14 520 000 теңге. Талапкер М. өзіне алған міндеттерді орындады және   жауапкерге ақшаны бөлді.

Жауапкер Т. біренеше рет қарызды қайтарамын деп айтқан, бірақ осы күнге дейін сол қарыз ақша қайтарылмады. Осы салдардың кесірінен  жауапкердің қарызы 7 500 000 теңге құрайды.

Сот шешімімен талап толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.                            

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты