Сот қарыз соманы және айыпақыны жауапкерден өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер:  А.Т. жауапкер А.Е.-ға берген қарыз сомманы және айып төлемді өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан:  талапкер  А.Т.  жауапкер:  А.Е-ға қарыз сомманы және айып төлемді өндіру туралы талап  арызымен сотқа жүгінді,  талап арыз бойынша:  жауапкер  А.Е.  2015 жылдың тамыз айының 12-жұлдызында талапкер А.Т.-дан 2015 жылдың  қазан айының 01-жұлдызына дейін қайтаруға міндеттеліп  11 000 АҚШ долларын қарызға алып, өз қолымен  қол хат қалдырған. Қазіргі күнге дейін жауапкер  4 250 АҚШ долларын 9-бөліп қайтарған,   өтелмеген қарыз соммасы 6 750 АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Республикасының АПК-ның 353 бабы бойынша ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi,  қазіргі таңда қаржыландырудың ресми ставкасы 5,5 % пайызды құрайды, соған байланысты  айып төлем мөлшері  562,35 АҚШ долларды құрады.

Талапкердің өкілі  Н.С. сот отырысында қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2017 жылдың  сәуір айының 04-жұлдызы бойынша жылына 11% құрайтынына байланысты, талап арыздың мөлшерін көбейтіп, жауапкер А.А.  Еспаевадан талапкер А. Тураеваның пайдасына 6 750 АҚШ долларын және  айып төлем мөлшері  1 124,70 АҚШ долларын өндіруді сұрады.

Сот шешімімен А.Т.-ның талап арызы  жартылай қанағаттандырылды.

Жауапкерден талапкердің пайдасына  2 104 380 теңгені құрайтын қарыз сомманы, айып төлем  332 336 теңге,  сот шығыны ретінде  24 367, өкілді жалдауға кеткен сот шығыны ретінде 90 000 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі