«Сот ғимаратында қауіпсіздікті күшейту»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары, сот кеңсе қызметкерлері, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы М.Тұрғанбаев, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы А.Қабдрасилов, «ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің батальон командирінің орынбасары Б.Нысанбаев Б.Р.,  осы мекеменің аға инженері А.Мұхтаров қатысты.

Сот төрағасы Д.Балықов ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы жолдаған қызметтік әрекет сараптамасы бойынша анықталған бөлек қызметкерлермен мемлекеттік қорғалатын нысандарда анықталған ереже талаптары бұзылғандығын, мемлекеттік органдар ғимаратында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету және елемеу фактілері орын алғандығы туралы хатты мәлімет үшін жеткізді.

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы М.Тұрғанбаев барлық сот судьялары және сот мамандары «смарт-карт»-ты қолдануы тиіс, карточкалар қауіпсіздік үшін жасалған, мысалы, егер судья сот залына түскен жағдайда  «смарт-карт»-ты өзімен алып жүреді, яғни оның компьютері автоматты түрде өшіп қалады және қандай да бір ақпаратты алуға жол берілмейтінін атап айтты.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі