Сот дауды медиация тәртібімен реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Р» ЖШС-нің жауапкер «Н» АҚ-нан 21 681 443 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын және 6 286 475 теңге көлемінде тұрақсыздық сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,талапкер сотқа жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сотпен ҚР АІЖК-нің 179-бабына сәйкес, медиация рәсімі жүргізілді және тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды, оған сәйкес жауапкер талапкерге 100 000 теңге көлеміндеі өкіл шығындарын өтеуге және өсімпұл сомасын 189 367 теңге көлемінде өтеуге міндеттенген, келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы шыққан кезден 10 жұмыс күні ішінде.

Берілген келісімге қол қойылғаннан кейін және келісім бойынша қабылданған міндеттерді орындағаннан кейін талапкер талап арыздан толық көлемде бас тартты және атқару өндірісі үшін жауапкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тиым салу түріндегі заңды әрекеттер жасамауға міндеттенді, сонымен бірге оның банк шотында жатқан талап арыз сомасының шеңберіндегі ақша құралына.

Сот ұйғарымымен келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Сонымен бірге, сот талап арызды берген кезде талапкермен төленген мемлекеттік баж салығын 839 037 теңгені қайтарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты