Сот бітімгершілік келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «TIS» ЖШС-нің жауапкер «Р» ЖШС-нен 2 211 200 теңге көлемінде қарыз сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай,«TIS» ЖШС-гі сотқа жүгініп, «Р» ЖШС-нен 2 211 200 теңге көлемінде қарыз сомасын өндірудісұраған.

Азаматтық істі қарау кезінде, тараптар соттан келісілген шарттар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітуді және іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған.

Бітімгершілік келісімі жасалған сәттен «TIS» ЖШС-гі қарыз сомасын өндіру талап арызынан бас тартады, ал «Р» ЖШС-гі пайда балған қарыз сомасын келісімге қол қойылған сәттен алты ай өткенге дейін, келісімге тіркелген кесте бойынша  өтеуге міндеттенген.

Келісімнің шарттары ешкімнің құқықтарын шектемейді, әрекет етуші заңнамаға қайшы келмейді және екі жақтың мүддесі негізінде жасалған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.