Сот бітімгершілік келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «С» сәулет-құрылыс бірлестігі» ЖШС-нің жауапкер «GPM» ЖШС-нен қарыз сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер сотқа жауапкерден 6 438 030 теңге көлемінде қарыз сомасын және 193 141 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіруді сұраған, себебі, жауапкер тауарды жеткізіп беру келісім шарты бойынша төлемін жасау шартын тиісті түрде орындамаған.

Азаматтық істі сот талқылауына дайындық кезінде талапкер мен жауапкер өкілдері бітімгершілік келісім шарттарын қолдап, қанағаттандыруды сұраған.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі