Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша  Т-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Т.  Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 17.05.2017 жылғы қаулысын орындамаған, сондай-ақ қаулыда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 54 бабының талабы бойынша, өзінің бұрынғы әйелі Т.Д.-мен байланысуға және де әр сейсенбі Алматы қаласы ІІД-нің Түрксіб аудандық ІІБ-на келуге міндеттелген.

30 маусым 2017 жылы Т.  Т.Д.-ның жұмыс орнына келіп, жанжал шығарып, жоғарыда атлған сот актісінің талаптарын өрескел орындамаған.

Сот отырысында Т.өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен Т. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.