Соманы қайтаруға міндеттеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Н» ЖШС-гі жауапкер РММ-не 2 074 677 теңге көлемінде соманы қайтаруға міндеттеу, 68 271 теңге көлеміндегі бөтен ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшінсоманы өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,РММ-сі мен «Н» ЖШС-гі арасында мемлекеттік сатып алу келісім шарттары жасалған: №3/5-32-122 келісім шарты бойынша орындаушымен жатақхананың 1,2,3 қабаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауға, жалпы сомасы 15 175 887 теңгеге, №3/5-32-145 келісім шарты бойынша жатақхананың ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау, жалпы сомасы 22 135 738 теңгеге, келісім шарт бойынша жатақхананың ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау, жалпы сомасы 31 842 900 теңге.

Келісім шарттың 1.1. тармағымен анықталғаны, орындаушымен ағымдағы жөндеу жұмыстары анықталған мерзімде, келісі шартта көзделген шарттар, көлемі мен сапасында, сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған, ал тапсырыс берушімен жұмыс қабылданып, төлем жасалған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының заңды күшіне сот шешімі бойынша РММ-сі жауапкер «Н» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық сомасын және қамсыздандыру бойынша соманы өндіру туралы азаматтық ісі бойынша анықталғаны, №3/5-32-122 келісім шарты бойыгша жұмыстар толық көлемде орындалған, жалпы көлемі 15 175 887 теңгеге және тапсырыс берушімен толық төлем жасалды. №3/5-32-145 келісім шарты бойынша талапкермен жұмыстар толық көлемде орындалды, жалпысомасы 22 135 738 теңгеге, №3/5-32-147 келісім шарт бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды, жалпы сомасы 31 842 900 теңгеге, көрсетілген сома толық көлемде төленді. Орындалған жұмысты қабылдау актісіне сәйкес жұмыстар мердігермен 2015 жылдың желтоқсан айында аяқталды.

Сотпен анықталғаны, жауапкермен жұмыстарды уақытылы орындау бойынша мемлекеттік сатып алу келісім шартында көзделген міндеттерін тиісті түрде орындамаған. Жоғарыда көрсетілгендей, заңды күшіне енген сот шешімімен тапсырыс берушінің де орындаушының да кінәлары анықталған, себебі жұмыстарды уақытылы орындау бойынша міндеттер анықталған уақытта орындалмаған. Орындаушының кінәсінің дәлелі ретінде серіктестіктен мемлекет пайдасына тұрақсыздық сомасы өндірілген.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде, талапкердің 2 074 677 теңге көлеміндегі соманы қайтаруға міндеттеу, 68 271 теңге көлеміндегі бөтен ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшін соманы өндіру туралы арыз қанағаттандырылуға жатпайды. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты