Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 393-бабымен  (шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау) айыпталған S.-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында Алматы қаласы Бостандық ауданының ІІБ-ның Көші-қон басқармасының арнайы көші-қон тобы жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында, Өзбекстан Республикасының азаматы  S. байқалып, оның Қазақстан Республикасының аумағында заңды жүргендігін тексеру мақсатында тоқтатылып, құжаттарын тексеру нәтижесінде: S.-нің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты мекен-жайы жоқ екендігі анықталып, сонымен қатар оған қатысты 15.11.2016 жылғы Тараз қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының  ӘҚБК-нің 517 бабының 2 бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі болғандығы расталды. Шығарылған қаулыға сәйкес S. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығу қажет болған. Алайда, соңғы Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамаған, оған саналы түрде жол берген.

Сот үкімімен S. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, оған 25 айлық көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты