Семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «кәмелетке толмағандарды арнайы білім мекемесіне орналастыру бойынша кездесетін мәселелер» атты тақырыбында  семинар  өткізілді.  

Өткізілген семинарға Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, Алматы қаласы Бастандық ауданы прокуратурасының, Алматы қаласының ІІД ЖПҚ, білім басқармасының  және кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша аудандық бөлім басшылары қатысты.

Семинардың өткізілу барысында қатысушылар девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарды орналастыру бойынша кездесетін сұрақтардың тізімін оңтайлы шешетін мәселелерді талқылады.

Өткізілген семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар аталған санат бойынша қалыптасқан сұрақтарды шешу мақсатында бірлесіп жұмыс атқарудың қажеттілігін атап өтті. 

Қайнар: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты