Іс әрекет заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында М.Л., М.В-ның Б-ға кәмелетке толмаған азаматқа денеге  әшекейін заңсыз салу әрекеті туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкерлер жоғарыда көрсетілген талабымен сотқа жүгінді. Талаптың  ынталандырылуына сәйкес, яғни, 2015-ші жылдың 11-ші қыркүйек күні «D.H.» сұлулық салонындағы жеке кәсіпкер, сол уақытта кәмелетке толмаған 11.06.1998-шы жылы туылған М.В-ға әке шешесінің келісімінсіз қолына дене әшекейін салған, соның салдарынан сот – медицина сараптасының нәтижесі бойынша М.В-ның денсаулығына жеңіл жарақат келтірілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-ші бабына сәйкес,он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің заңды өкілдерінің келісімімен мәміле жасайды. Мұндай келісімнің нысаны кәмелетке толмағандардың заң бойынша келісім жасауға орнатылған нысанына сәйкес келуі тиіс.

Сот отырысында орнатылғандай, дене әшекей салонына  жүгінерде кәмелетке толмаған М.В-дан жеке куәлігі талап етілген және қызмет көрсету шартымен тауардың сапасы туралы толық мағлұмат ұсынылмаған. Кәмелетке толмаған М.В-ның ата анасы көрсетілген келісіммен қызмет көрсету ұсынылған кезде болмаған және ата анасынан нотариалды құжат ұсынылмаған.

Соттың шешімімен  М.Л., М.В-ның Б-ға кәмелетке толмаған азаматқа дене әшекейін заңсыз салу әрекеті туралы талабы қанағаттандырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.              

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық соты