«Рақымшылық жасау туралы» Заңының нормалары негізінде жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында У.  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын   басқаруы) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың 27 тамызында алкогольдік мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз, «Kia Riо» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан кезде, Алматы қаласы ІІД-нің ЖПП-ның қызметкерлерімен тоқтатылған.

Басты сот талқылауында сотталушы У. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен У. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айырып, 250 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының 1-бөлігінің негізінде, сотталушы У. тағайындалған негізгі жазаны өтеуден босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты