Партисипативтік рәсім тәртібі бойынша, тараптармен жасасқан келісім шарты заңға қайшы келмейді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының,  алдын ала сот отырысында, талапкер А. жауапкерлер ЖШС «SN», И., И. К., И. С. мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікке меншік құқығын  тану туралы, азаматтық іс қаралды.

А. жоғарыда келтірілген арызымен сотқа талап етті.

Алдын ала сот отырысында, тараптар сотқа партисипативная процедура бойынша даулды реттеу туралы, талапкер А. жауапкерлер  ЖШС «SN», И., И.К., И.С., үшінші тарапкер А.Н., әрекет  көрсеткен және қатысқан Алматы қаласының адвокаттық коллегиясының Б. Және Г. адвокаттарымен, келесі шарттарда жасасқан келісім шартты ұсынды:

Бірінші тарап талап қою арызынаң бас тартады, ал екінші тарап бірінші тарапқа меншікке автокөліктерді береді. Бірінші тарап,  ЖШС «SN» және И. И. меншік құқындағы тиесілі, келесі тәртібі бойынша қабылдайды: жауапкер ЖШС «SN», атынан әрекет етуші директоры  И.З. талапкерге меншікке келесі жылжымалы мүлікті береді: Toyota Camry, 2007 ш.ж., ақ түсті, нарықтық бағасы 2 000 000 теңге, Toyota Camry, 2008 ш.ж. ақ түсті, нарықтық бағасы 2 000 000 теңге.

Жауапкер  И. талапкердің меншігіне келесі  жылжымалы мүлікті береді:

Daimer Chrysler Е350, қара металлик, 2006 ш.ж., нарықтық бағасы 4 450 000 теңге, Mersedes-Benz  500S, қою-көк металлик, 2005 ш.ж, нарықтық бағасы 2 450 000 теңге, Merсedes-Benz  500S, қара металлик, 2007 ш.ж., нарықтық бағасы 3 500 000 теңге.

Жаупкерлер И. және ЖШС «SN» атынан әрекет етуші директоры И.З., талапкерге жылжымалы мүлікті аудару кезіндегі барлық қарыздарды (айыппұл, салық) төлеуге міндеттенеді.

Өкілдерге көмек көрсету шығындарын, әрбір тараптар өздері көтереді. Талап ету шеңберінде қабылданған аралық шараларды жоюға жұмсалған шығыстарды жауапкерлер көтереді.

Тараптар, аталған шарттың орындалу мерзімі жоғарыда келтірілген талаптар шегінде алынған көлік құралдарынан уақытша шараларды алып тастаған кезден бастап екі жұмыс күні белгілеген.

Партисипативтік рәсім тәртібі бойынша, тараптармен жасасқан келісім шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің  176-177 б.б сәйкес, заңға қарсы келмейді, екі жақтың да мүдделеріне сәйкес жасалған, олардың келісім шарттарын сақтауы басқалардың құқықтарын бұзбайды.

Тараптардың арасында, Алматы қаласы қалалық адвокаттар коллегиясының, Б. және Г. адвокаттарының әрекет  көрсеткен және қатысқан тәртібімен дауды реттеу туралы келісімі Сот ұйғарымымен бекітілді.

Ұйгарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының соты.