Өткізу мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы 2 бөлігінде (заңсыз есірткі заттарының айналымы) қарастырылған қылмысты жасаған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сот үкіміне сәйкес 2015 жылдың 10 желтоқсанында Д. жалпы салмағы 74,56 гр. ірі көлемдегі «гашиш» есірткі затын  18 000 теңгеге лақап аты «И.» ретінде сатып алушының кейіпінде болған жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген тұлғаға сатқан. Сондай-ақ, 2015 жылдың 12 желтоқсанында жедел-іздестіру шараларды жүзеге асыру барысында Д.-ны ұстау кезінде жалпы салмағы 10 гр. асатын жоғарыда айтылған есірткі заты табылып алынған.

Сот үкімімен Д. Қылмыстық кодексінің 297 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлікін тәркілей отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Қайнар: 
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі