Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «КазТрансГаз-Алматы» АҚ жауапкер Г.-ден қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, жеткізуші «КазТрансГаз-Алматы» АҚ тұрмыс газын қолданушыларға бөлшектеп тауарлай сату шатры бойынша, газды тұрмыстық тұтынушыға жалғанған жүйе арқылы меншіктік тұрмыстық қалдану үшін жеткізуге міндеттенеді. Тұрмыстық тұтынушы шарт бойынша көк отынға төлеуге міндеттенеді.

Тұрмыстық газға уақтылы төлем жасамауына байланысты, жауапкерде 268 584 теңге көлемде және жабдықтар жүйелерін тұтынатын газ техникалық қызмет көрсету үшін 4 050 теңге қарыз жиналған.

ҚР Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 146 бабының 5, бөлігіне сәйкес, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот талап арызды толықтай қанағаттандыруды  шешті.  

Шешім заңды күшіне енді.

                                                   

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты