Мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында  «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шарада  банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істердің соттылығы, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау, қарыз сомаларын, шетел валютасымен берілген қарыз сомаларын, сыйақы сомасын өндіру және кепілдегі мүлікке өндіру жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинарда сөз алған аудандық сот судьясы Ж.Абдрахманова банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы туралы кеңінен баяндап, азаматтық істерді қарау барысында тараптарды татуластырып, істерді медиациялық келісімді бекіту арқылы қысқартуға мән берілетіндігін атап өтті.

Банктік даулар бойынша біркелкі сот тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында соттарға банктік заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 25 қарашасындағы «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істер қараудың сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет екендігіне тоқталды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты