Міндеттеменің орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Банк Хоум Кредит» АҚ және У.-дан банктік қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 12 қаңтарда 2013 жылы «Банк Хоум Кредит» АҚ және У. арасында 24 ай мерзімге, 240 046 теңге сомасын беру туралы несие шарты жасалған.

Жауапкерде жалпы қарыз соммасы 434 154 теңге құраған, оның ішінде негізгі қарыз – 225 828 теңге, сыйақы – 110 178 теңге, айыппұл – 96 018 теңге.

Шартта қаралған, несиені қайтару тәртібін және уақыты бойынша жауапкер өзіне алған келісім міндеттемелерін орындамаған.

ҚР АК 298 бабына сәйкес, мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады.

Сот «Банк Хоум Кредит» АҚ талабын жартылай қанағаттандыруды шешті. ҚР АК 297 бабының күшіне орай, сот У.-ның талапкермен есептелген сыйақы  96 018 теңгеден  9602 теңгеге азайту қажет деп табады.

Шешім заңды күшіне енді.

   

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты