Мерзімді өткізіп алу талапты қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып табылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А» ЖШС-гі жауапкер «Н» ЖК-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, талапкермен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тараптар арасында №466 мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасалған, оның шарты бойынша жеткізіп беруші «раковинаға арналған қоспалауыш» тауарын 350 700 теңге сомасына жеткізуге міндеттенген.

Келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес, жеткізу мерзімі – 15 күнтізбелік күн, яғни 20.08.2016 жылға дейін.

Іс материалдарынан анықталғаны, жауапкермен келісім шарт бойынша міндеттер орындалмаған, тауар жеткізілмеген. Жауапкердің міндеттерді тиісті түрде орындамағаны іс материалдарымен дәлелденген.

Келісім шарттың міндеттеріне сәйкес тауарды жеткізу мерзімі 20.08.2016 жылға дейін, талапкер сотқа 20.09.2016 жылға дейін жүгінуге тиіс болған. Бірақ талапкер сотқа 18.04.2017 жылы жүгінген, яғни жоғарыда көрсетілген мерзімді өткізіп алған.

Талапкердің берілген талап арызбен сотқа жүгіну мерзімін жіберіп алуы жеткізіп берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады.

Сот шешімімен талапкер «А» ЖШС-гі жауапкер «Н» ЖК-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы қанағаттандырылудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты